"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Гуляй Поле ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Гуляй Поле отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

2025 жылғы

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелері
  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Гуляй-Поле ауылының негізгі орта мектебі" КММ көрсетеді. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Гуляй-Поле ауылы, Школьная,2.

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Гуляй Поле ауылының мектебінде15 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2025 жылы білім бөлімінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында 11 мемлекеттік қызметтер көрсеттілді.

Оның ішінде:

- электрондық үкімет порталы арқылы-7 мемлекеттік қызмет;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы-0 мемлекеттік қызмет;

- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы- 4 мемлекеттік қызмет;

- электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы- 0 мемлекеттік қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

  1. Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

- «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;

- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

- «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою»;

- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат білім бөлімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған

https://sc0022.shortandy.aqmoedu.kz мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланған «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде.

Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ресми интернет-ресурс мен ақпараттық стенділерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйым 2 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде ресми интернет-беттердегі 7 жарияланым және  семинар-кеңесінде қатыстық.

Ай сайын халықты БАҚ және көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жұмыс істейді Akmola.kz.
  2. 2022 жылдан бастап білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  3. Білім беру саласында қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2025 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жылдың кезеңінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Гуляй Поле ауылы бойынша ескертулер жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру перспективалары

Көрсетілетін қызметті алушылардың тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:

- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- электрондық үкімет порталы арқылы өтініштер үлесін ұлғайту;

- қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.


Текст